Таразда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2021 жылғы 14-15 қазанда Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер»тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның жұмысына 150-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде: отандық және Ресей, Украина, Өзбекстан, Израиль және Болгариядан келген шетелдік этносаралық қатынастар мен конфликтология саласының сарапшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Ақпарат және қоғамдық даму,Ұлттық экономика, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктерінің, ҚР АҚДМ «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының», ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының, Философия, саясаттану және дінтану институтының өкілдері және т.б. бар.

Пленарлық отырыста Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тлепов, Ұлттық экономика вице-министрі А. Қуантыров, Білім және ғылым вице-министрі Қ. Ерғалиев баяндама жасайды.

Конференция жұмысы төрт секциядан тұрады:

1) Көпэтносты елді мекендердегі әлеуметтік проблемаларды шешудегі жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық институттардың рөлі;

2) Шиеленістер мен наразылық көңіл-күйлерді алдын алу және оларды ескерту;

3) Мультимәдени ортадағы қақтығыстардың алдын алу ісіне ғылыми-сараптамалық әлеуетті пайдалану;

4) Қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БАҚ-тың рөлі.

Әрбір секцияда 8-ден 10-ға дейін отандық және шетелдік спикерлер сөз сөйлейді. Қатысушылар орталық және жергілікті басқару органдарының этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы қызметін үйлестіру мәселелерін, этносаралық салаға әсер ететін жүйелі проблемалар мен факторларды, шекара маңы ынтымақтастығын және этносаралық қатынастарды нығайтудағы халық дипломатиясының мүмкіндіктерін, этносаралық қатынастар саласындағы кешенді талдамалық және зерттеу қызметінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруды және этносаясаттың басқа да өзекті тақырыптарын талқылайды.

Конференция соңында қорытынды қарар қабылданады.

___________________

Байланыс үшін деректер:

Жамбыл облысы әкімдігінің өкілі:

Ырысдаулет Құдайберген Жамбылұлы

ұялы тел: 8 702 265 40 08

эл. поштасы: uvp_ank_jo@mail.ru ,

ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілі:

Джапаров Айдан Борисович

ұялы тел: 8 707 999 99 82

эл. поштасы: aidan_reserv@mail.ru

Comments (0)
Add Comment