Таразда кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Таразда кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

1 қазаннан бастап Тараз қаласы, Төле би көшесі, 89Г мекенжайында орналасқан №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Абай көшесі, 232 мекенжайында орналасқан ХҚКО кезекші болған. 1 қазаннан бастап ол әдеттегі қызмет көрсету кестесіне көшеді, яғни жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейінжұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен яғни, дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00 – ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9:00-ден 13: 00-ге дейін жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚКО мекенжайлары: Қойгелді көшесі, 158А және Төле би көшесі, 198а.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Comments (0)
Add Comment