Тараз қаласында “Қала күніне” орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерейтойына арналған қала тұрғындары арасында күзгі кросс өтті.
Шара бұқаралық спорт түрлерін дамыту жəне салауатты өмір салтын насхаттау сонымен қатар, қала тұрғындарын дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жарысты Тараз қаласы əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Оксана Барисюк ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.