Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері бар.
Бүгінгі жәрмеңкеге жалпы құны 20,5 млн. теңгені құрайтын 35,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 7,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 11,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері жеткізілген.