Тараз қаласының арық жүйелерін қалпына келтіру бойынша (ирригация) алдағы үш жылда бюджет қаражаты есебінен 3,5 млрд. теңге қаражат бөлініп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2023 жылы 3 аумақтық округтың ирригация жүйелерін қалпына келтіру мақсатында бюджеттен 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылып,«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-і жұмыстарды жүргізетін болады.