Таразда антитеррористік жаттығулар өтуде

Бүгін Тараз қаласының аумағында «Қарахан-Антитеррор-2018» антитеррористік оқу-жаттығуы өтуде. Бұл туралы терроризммен күрес бойынша облыстық жедел штабы хабарлады.

Аталған шара шартты террористік акттің алдын алу және салдарын жоюға бағытталған. Сондай-ақ, терроризммен күрес бойынша облыстық жедел штаб күштерінің дайындығын пысықтауды мақсат етеді.

Оқу-жаттығу күрделіліктің түрлі дәрежесіндегі ұрыс жағдайына барынша жақындатылған. Оған жеке құрам мен арнайы техниканың басым бөлігі жұмылдырылған.

Шара аясында жедел топтар террористік қауіп туындаған жағдайдағы әрекет ету тәсілдерін пысықтайды.

Comments (0)
Add Comment