Бүгінде елімізде жастар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына басымдық берілуде. Осыған байланысты спорт алаңшаларына деген сұраныс уақыт өткен сайын артуда. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің халықпен кездесулерінде де аталған мәселе үнемі көтеріліп келеді.
Осы бағытта қазір көне шаһар – Таразда ілкімді істер қолға алынуда. Әсіресе, шалғай алқаптар айрықша назарға алынған. Айталық, осы жылы Құмшағал алқабындағы спорт кешені қолданысқа берілсе, биыл 9 кіші футбол алаңшасының (Лұқманов көшесінің бойы, Солнечный, Химик, Ветеран, Бурыл, Қайнар алқаптары, «Қарасу», «Бәйтерек» және «Самал» шағын аудандары) құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, облыс орталығында жеке қаражат есебінен 3 жаңа спорт нысаны салынды.