Жамбыл облысында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 2 адамның өтініші мақұлданды, – деп хабарлайды «08info.kz» ақпарат агенттігі inform.kz сайттына сілтеме жасап.
Тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион, ал қалған өңірлер үшін — 15 млн теңге деп белгіленді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин айтты.
Кредиттің сомасы 12 млн теңге болғанда, ипотека алушы айына 85 мың теңге төлейді. Баспана құны төмен өңірлерде кредиттің сомасы 7 млн теңге болуы мүмкін. Бұл жағдайда сатып алушы айына 50 мың теңге төлейтін болады.
Жамбыл облысы бойынша банк филиалдары бүгінде 31,03 млн теңгенің 3 өтінішін қабылдап, құны 18,3 млн теңге болатын 2 өтінішті мақұлдады.
Қазіргі таңда «Баспана» арнайы компаниясы Центркредит, Халық банк, Еуразия Банк, Цесна Банк, АТФ Банк, РБК Банкі және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойған.