Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап кетті

Таразда 6 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар  бала бесінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Оқыс оқиға Самал (7)шағын аудандағы үйлердің бірінде болған. Ес-түссіз күйде ауыруханаға жеткізілген қыздың өмірі үшін дәрігерлер бар күштерін салып күрескен. Өкінішке орай, олар баланы аман алып қала алмаған.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бүлдіршіннің жарақаты қатты ауыр болған.

Comments (0)
Add Comment