Тараз қаласының жылдық бюджеті 53 млрд теңгеден асады

Тараз қаласының жылдық бюджеті 53 млрд теңгеден асады. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Бірақ, салықтық және басқа да кірістердің көлемі 10 млрд теңге көлемінде ғана. Бұл — әрине, төмен көрсеткіш. Сондықтан, қалалық әкімдік мамандары салық органдарымен бірлесіп, кешенді жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Бұдан бөлек, биылғы жарты жылдықтың өзінде қазына қаржысын толық игермеген мекемелер бар.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері мемлекеттік сатылым кезінде тыңғылықты жоспар жасау керектігін атап өтті.

Жиын соңында шаһардағы жылу мекемелерінің қысқы маусымға дайындығы мен мониторинг жұмыстарының нәтижелері айтылды.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment