Тараз қаласының АХАТ бөлімі жаңа мекенжайға көшті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы 14 шілдеден бастап Тараз қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұрынғы АХАЖ) Рысбек батыр 14 А, 1 — қабат жаңа мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайтынын хабарлайды.

Бұған дейін АХАТ бөлімі Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 А, 3-қабат мекенжайында орналасқан болатын.

Жаңа мекенжайда азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша барлық қызметтер қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, АХАТ бөлімі азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы көшуге байланысты қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындарға түсіністік үшін алғыс айтады.

Comments (0)
Add Comment