Атап айтсақ, биыл «Барысхан» алқабындағы 8 көшені жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қуанышбеков, Қызылқайнар 1, Сарыбас ақын, Рахмати көшелеріне асфальт төселсе, қалған Ақбұлым, Алматинская, Алыптегiн, Қызылқайнар 2 көшелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.