Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, шаһар маңындағы шалғай алқаптарға ерекше екпін түсірілген.
Айталық, биыл «Барысхан» алқабында 7 көшенің асфальт жабындысын төсеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 көшеге асфальт жабындысы төселсе, қалған көшелерде жол негіздемесі дайындалуда. Осы ретте, тұрғындардың сұранысы бойынша қоғамдық көлік қатынайтын жолдарға басымдық берілгенін айта кеткен жөн.