Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, егемендік жылдары мүлде асфальт төселмеген жолдардың тақтайдай тегіс болатын күні жақындап келеді. Бұл игілікті іске тұрғындар өз ризашылығын білдіруде.
— Шу көшесіне көшіп келгенімізге он жылдан асты. Талай жыл жолсыз, батпақ кештік. Үлкен кісілер көп қинала қоймас, бірақ балаларымыздан обал. Көктем, күз мезгілінде балшыққа белшесінен батып жатады. Ешкімді кінәлай алмаймыз. Жағдай солай болған шығар. Бірақ, биыл қуанышымызда шек жоқ, — дейді қала тұрғыны Дәуіржан Нақышбек.
Құрылыстың мердігері – «КАТSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, техникалық қадағалаушы «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС-і.