Тараз қаласы цифрлық трансформация жолында! 2024 жылғы 30 сәуірде «Ақылды» қалаларды құрудың жаңартылған әдістемесі бекітілді. Осы әдістеме негізінде қалада 27 жоба іске асырылуда.
22 базалық жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, әлеуметтік сала, инновациялар, қауіпсіздік және басқару бағыттарын қамтиды.
5 қосымша жоба туризм, байланыс, мәдениет және қауіпсіздік салаларында жүзеге асуда.
«Ақылды» қала индексі:
2022 жылы – 45%
2023 жылы – 51%
2024 жылғы бағалау ақпан айында өтеді.
Жобаларды іске асыру бойынша облыс және қала әкімдерінің төрағалығымен кеңестер өткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда.
«Ақылды» қала Тараз тұрғындарының өмірін жеңілдетіп, қауіпсіздігін арттырады.