Көне шаһар – Тараз жасыл желегімен, жайқалған сәнді талдарымен көрікті. Уақытында күтіп-бапталған тал-дарақтар қаланың көркіне сән қосып, ажарын ашатыны анық. Алайда, шаһар шырайын қашырып тұрған қураған талдар да аз емес. Бұл өз кезегінде жол қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлы тұрмысына өз кесірін тигізіп жатады.