Таңдау жасалуда.

Бүгін қазақстандықтар үшін елеулі күн. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі жəне мəслихаттарын сайлау ерекше қарқынмен өтуде. Соның бірі Мырзатай ауылдық округіне қарасты №142 сайлау учаскесінде тұрғындар таң атысымен белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
— Еліміз үшін маңызға ие сайлау науқанында əрбір азамат жауапкершілік танытып, дауыс бергендері дұрыс. Себебі Жаңа Қазақстанды бірге құруға баршамыз атсалысып, белсенділік танытқанымыз абзал. Ел ертеңін ойлайтын болсақ нағыз еліне жанашыр кандидатты, саяси партияны таңдағанымыз жөн,-деп өзінің пікірін білдірді ауыл тұрғыны, қазақ тілі мен əдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Сейдуалиева.
Comments (0)
Add Comment