Полиция мәліметінше 35 жастағы күдікті бөлімшеге жеткізілген. Қазір ол қамауда
«Полицейлер Талдықорғанда 28 жастағы әйелге пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Жәбірленушінің 35 жастағы танысы полицияға жеткізілді. Тергеуші істі Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қайта қарап, прокурормен келісілді. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талдықорғанда ер адам сүйіктісін бауыздамақ болған. Полиция істі “Бұзақылық” бабы бойынша қозғаған. 28 жастағы Адина Қуанбекқызы 27 қазанда соққының астында қалғанын айтады. Сауда үйінің алдында ер адам оны ұрып-соғып, содан кейін оны құлатып, қылқындырған. Бұл сауда үйінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған.https://stan.kz/taldikorganda-pishakpen-kizdin-tamagin-kesken-er-adamni-390651/