Жұма яғни 15 наурыз күні Талас ауданының орталық «Қажы би» мешітінде ниет етіп, ораза тұтқан мұсылман жамағатына ауызашар берілді.
Биыл бұл игі бастама жаңа қабылданған Наурызнама тұжырымдамасына сай 15 наурыз – Қайырымдылық күніне тұспа-тұс келді.
Ауызашарда ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, көп балалы аналар, әр саладағы еңбек адамдары және қарапайым қала тұрғындары болды.
Соңында құран оқылып, ауызашар батасы берілді.