Талап-тілек ескерусіз қалмайды

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді.
Атап айтсақ, тұрғын үй, жылу, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік, уақытша баспанамен қамтамасыз ету.
Тұрғындардың тілегін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы көтерілген мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, тиісті басшыларға бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Comments (0)
Add Comment