Сотталған азаматтардың бірқатарында соттың үкімі бойынша міндеттелген талап-қарыздары бар. Өтелуі міндетті болып табылатын бұл қарыздарды өндіру жұмыстары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жүйелі жүргізіліп келеді.
Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша мекемеде сот үкімі бойынша 300 сотталғандарға 501 атқару парақтарына жалпы талап-қарыздардың соммасы 1 795 044 315 тенгені құрайды.
Оның ішінде, мемлекет пайдасына – 283 814 408 теңге, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына – 1 511 229 907 теңге өндірілуі қажет.
Осыған орай, сотталғандарды жұмыспен қамту ісі жолға қойылған. Нәтижесінде, жұмыспен қамтамасыз етілген соталғандар саны – 145-ке жетіп отыр. Жұмыспен қамтамасыз етілген сотталғандардың 71-не 88 атқару парақтары бойынша жалпы соммасы 148 186 021 теңге қарызы бар.
Анықтамалық нақты өндіріліп алынған ақша соммасы 22 сотталғандардан 22 атқару парағына – 682 033 теңгені құрап отыр. Бұл соманың 249 908 теңгесі мемлекеттің пайдасына, ал 432 125 теңге жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндірілген.
Жалпы, ЖД-158/2 мекемесінде өз еркімен талап-қарыздарын өтеген сотталғандардың саны – 22-ні құрайды. Жалпы соммасы – 1 393 650 теңге.