Бүгінде ауданымызда білім бөліміне қарасты 48 мекеме жұмыс жасайды. Атап айтқанда 27 мектеп, (22 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 2 мектеп гимназия, 1 мектеп лицей) 9 қосымша білім беру ұйымдары, 11 балабақша және 1 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеті.
2024 — 2025 оқу жылын 9020 оқушымен бастап 8938 оқушымен оқу жылын аяқтады. Мектеп бітіруші 11 сыныпты 470 оқушы аяқтап, аттестат алды. Оның ішінде «Алтын белгі белгісіне» 14 мектептен 39 оқушы , Үздік аттестатқа -26 оқушы бітірді, 9 сыныпты аяқтаған 885 оқушының ішінде 85-і Үздік аттестат иегері болды. Бұл былтырғы жылдан қарағанда жоғары көрсеткіш.
Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы:
-Сіздер үшін бойларыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған ыстық ұя мектептен түлеп ұшып, жарқын болашаққа қанат қақтыңыздар. Әрқайсыларыңыз мектепті үздік бітіріп, «Алтын белгіге» ие болып отырсыздар. Бұл тек мектептің ғана емес ауданымыздың абыройы, — деді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахараб Қырғызбаев және ата — аналар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін арнады.
Сондай-ақ,«Алтын белгіүздік» аттестат иегерлеріне және ата — аналарына Алғыс хаттар тапсырды. Түлектер өз кезегінде аудан басшысына алғыстарын білдіріп, болашақта ел үмітін ақтайтын жастар атанатындарын жеткізді.
Сарысу ауданы