Мароккода 6.9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Елдің кейбір өңірлерінде жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де істен шыққан.
Жер асты дүмпулері Рабат қаласынан бастап елдің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.
Al-Arabiya басылымының хабарлауынша, 296 адам қаза тауып, 30-дан астам ғимарат қираған.
Жер сілкінісінің ошағы Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан.