ТАҒАЙЫНДАУ

Меркі ауданы әкімінің өкімімен Жексембиева Жанат Түзелбайқызы Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.⠀
Жанат Түзелбайқызы 1964 жылы 12 қаңтарда Меркі ауданы, Ақтоған ауылында туған.⠀
1986 жыл Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметінің анализі», 2005 жыл Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы және несие» мамандықтары бойынша аяқтаған.⠀
Ол еңбек жолын 1986 жылы «Сельпо» Қазақстан тұтынушылар қоғамының бухгалтері болып бастаған.⠀
Әр жылдары «Сельпо» Қазақстан тұтынушылар қоғамының баға бойынша тауартанушысы, бас бухгалтерінің орынбасары, «Игілік-Банк» Акционерлік Қоғамы Меркі аудандық филиалының касса меңгерушісі, бас бухгалтері, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Меркі аудандық бөлімшесінің маманы, «Халық Банкі» Меркі аудандық филиалының аға бухгалтері, бухгалтерлік бөлімнің менеджері, Жамбыл облысы әкімі жанындағы жергілікті бюджетке алымдар мен кейбір салықтық төлемдер жинау жөніндегі агенттігі Меркі аудандық филиалының директоры, Меркі ауданы әкімиятының бір жолғы талондарды өткеру түсімдерінің толық жиналуын қамтамасыз ету және коммуналдық меншікті басқару бөлімшесінің бастығы, Меркі ауданы әкімиятының қаржы бөлімінің бюджеттік атқарылуын қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, сектор меңгерушісі, Меркі ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат секторының меңгерушісі, Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.⠀
2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі қызметін атқарып келді.

Меркі Ауданы Әкімдігі

Comments (0)
Add Comment