ТАҒАЙЫНДАУ

Раманкулова Дина Аятовна
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
1973 жылы 20 қыркүйекте Түркістан облысы Түркістан қаласында туған.

2003 жылы — Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін «экономика және менежмент», 2006 жылы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «сәулетші» және 2019 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқық» мамандыы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Тамила» ЖШС есепшісі болып бастаған.
2000 – 2004 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Тараз сәулеті» МКК операторы;
2006 – 2018 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Тараз сәулеті» МКК инженері;
2018 – 2020 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде статист;
2020 – 2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас жоспар және қала құрылысы кадастры секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Қала әкімінің 2024 жылғы 29 мамырдағы №184-ж/қ өкіміне сәйкес, қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Тараз қаласының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment