Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Т.Рысқұлов ауданында атқарылып жатқан тірлік көп. Жол жөнделіп, жаңа нысандар бой көтеріп, салынуда. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы өркен жайып, саланы игеремін дегендердің саны артқан. Ауыз су, тұрғын үй секілді мәселелер де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.


Бүгінгі таңда аймақтың ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. 2022 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 32,3 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,1 пайызға орындалып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 21,9 млрд.теңгені құраған болатын. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өткен жылы инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңгені құраса, ағымдағы жылдың 8 айында тар¬тыл¬ған инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрап отыр.


Мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде шаруалар мал басын көбейтіп, асылдандыру мен ет бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданда мал өнімдерін қайта өңдеумен «Ұлы Сұлтан» ШҚ шұжық цехы сұраныс арқылы шұжықтың 10 нан астам түрін халыққа тұтынуға ұсынып отыр. Сонымен қатар, «Ақтоған» шаруа қожалығы макаронның 20-дан астам түрін және әр түрлі сұрыптағы ұнын өндіріп отыр.
2022-2025 жылдары ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылатын 12 ірі және 66 шағын инвестициялық жобалар әзірленген. 2021 жылы жоспардағы 2 ірі жоба («Керең» ШҚ сүт өндеу цехы, «Қайнар Агро» ЖШС тұқым тазалау зауыты) жүзеге асырылған болатын, ал 13 шағын инвестициялық жобаның 8-і жұмысын жүргізуде.
Аудан бойынша 2022 жылдың өніміне 136671 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болатын. Оның ішінде; күздік бидай – 55200 га, жаздық арпа — 53073 га, 274 га. дәндік жүгері, 16164 га майлы дақылдар, оның ішінде 14 368 га мақсары, 1796 га күнбағыс, 380 га қант қызылшасы, 560 га картоп, 522 га көкөніс, 174 га бақша дақылдары, 10 296 га көпжылдық шөптер.
Егістік алқаптарды тыңайту жұмыстары бойынша 2022 жылы 5135 тонна тыңайтқыштарға сұраныс беріліп, 3860 тн. алынды. Бұған қосымша аудандағы АШТӨ-і тағы 2500 тн. минералды тыңайтқыштарға сұраныс берілді. Жыл соңына дейін 77100 га. егістікке сіңірілуі күтілуде. Нәтижесінде 2022 жылы аудандағы егістік жердің 51,3 пайызына сіңіріледі.

Ағымдағы жылдың 8 айында аудан бойынша 92 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасы 1,1 млрд.теңгеге алынып, жаңару 8,2 пайызды құрап отыр. Астық ору науқанын мерзімінде, ысырапқа түсірмей жинап алу мақсатында АШТӨ-і егін комбайындарын, тасымалдаушы автокөліктер мен қызмет көрсететін көліктерді дайындық сапына қойылды. Егін орағына 207 дана егін комбайыны, 64 дана тасымалдаушы автокөліктер, су және өртке қарсы қондырғылар, агрегаттар (дәнекерлеуші), механизаторлардың тамақтануы мен демалатын орындары дайындалды. Егін орағы мен күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген бағамен берілетін дизель отынын таратушы оператор болып бекітілген «Wedo Energy» ЖШС-нің ұсынылған калькуляциясына сәйкес, дизель отынының 1 (бір) литр құны 209 теңге болып бекітілді. Күзгі дала жұмыстарына жалпы 2730 тонна жанар-жағармай бөлініп, шілде айында – 650 тонна, тамыз айына – 780 тонна келіп таратылды, қыркүйек айына – 780 тонна келіп таратылуда, қазан айына – 520 тонна келетін болады.
Ағымдағы жылы егін ору науқаны 108 685 га дәнді масақты дақылдар, оның 57 015 га күздік бидай, 51 670 га жаздық арпа ораққа түсіп, жалпы 198 893,5 тонна астық қамбаға құйылды. Орташа өнімділік әр бір гектардан 18,3 центнерден айналып отыр.
Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Comments (0)
Add Comment