Т.Рысқұлов ауданында «Коворкинг орталығы – кітапхананың жаңа келбеті» атты коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Орталық Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірде мәдениет және өнер саласына қатысты «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Қазақстанның киелі жерлері» атты екі арнайы жобасының негізінде құрылып отыр.
Осыған байланысты Коворкинг орталығының ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қырықбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Арыстанбеков Қанат пен аудан тұрғындары, оқушылар және ұстаздар қатысты.
Коворкинг орталығының мақсаты кітапханадан арнайы бір бөлмені оқырмандарға сай етіп әзірленіп, мобильді стандарт бойынша жабдықталады. Коворкинг орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, жаңа келіп түскен кітаптары оқуға зор мүмкіндік тудырады.
Кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық алаңы болады және кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп саналады.
Коворкинг орталығы бірнеше аймаққа бөлінген: жұмыс орын – интернетке қосылған компьютер,сканер, принтер, скайп, семинар, тренингтер өткізетін зал пайдаланушылардың жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі – WI-FI аймағы болып табылады. Жалпы орталықта барлық санаттағы келушілерге жағдай жасалған. «Коворкинг» орталығы «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында жүзеге асырылып отыр.
Жаңа партиялық жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құру, яғни бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, кітапханалардағы барлық кітап қорын электронды форматқа көшіру, кітаптарды цифрландыру.