— «Баспана — бақыт кілті» демекші мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Ал, ағымдағы жылы облыс бойынша 70 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 45 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 3,2 млрд. теңгеге 343 азаматқа және «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 58 азаматқа 515 млн. теңге сомасына несие рәсімделді,-деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.