Түсімде жылан көрдім: бұл ненің белгісі?

Қазақ түс көрген адамға: «Түс – түлкінің боғы» деп жауап береді. Дегенмен, өзінің түсінде көрген нәрселердің анық екенін түсінген адамдар оны жорытып, жауабын білуге асығады. Мәселен, адам түсінде жылан көрді, ол оны шағып алса, содан кейін оянып кетіп, есінде сол түсі ұзақ жүрсе ше?

«Қазақы түс жору» кітабында түс жоруға қатысты бірнеше нұсқа берілген. Соның ішіндегі ең көп ізделетін үшеуіне тоқталдық

Бірінші түс

Сіз түсіңізде жылан көрсеңіз, ол жылан сіздің жолыңызды кесіп өтіп бара жатса, бұл – жақсы түс емес. Онда өңіңізде қауіп – қатер бар. Жолыңыз болмай, жұмысыңыз оңбай, тіршіліктен тарығып, несібеден зарығып қалуыңыз мүмкін. Қайда барсаңыз да өзіңізге қастас адамдар алдыңыздан қарсы шығып, жұмысыңызды тосып тастауы мүмкін.

Сондықтан түсіңізді көшіріңіз. Оның әдісі мынау: түс көріп оянған күні таңертең иман келтіріп, Алланы еске алып, дәрет алып, жуынып болған соң, бір шұбар жылан реңді шүберекті бойыңызбен бірдей етіп жыртып алыңыз да, оған бір уыс дән байлап, оны денеңізден үш рет айналдырып, «жаман түсімді жыланға көшір» деп, түйген дәнді құстарға шашып, шүберекті үйден аулаққа апарып, ақ тамызып, өртеп, күлін желге ұшырып жіберсе, «жылан бейнесінде көрінген жамандық» көз жазын айдалаға қаңғып кетеді.

Екінші түс

Сіз түсіңізде жылан көрсеңіз, ол жылан сізді қуып жүрсе, денеңізге оралып алса, не шағып алса, бұл – жақсы түс емес.

Онда өңіңізде дұшпандарыңыздың торына түсесіз. Түсіңізді дуалы ауызды адам тауып жорытып, оған садақа беріп, түс баяндарыңызды жасырын ұстағаныңыз жөн. Жөні болғанда, түсіңізді көшіріп жіберіңіз.

Үшінші түс

Сіз түсіңізде жылан көрсеңіз, ол жылан босағаңызға оралып жатса, не шаңырағыңызға шығып салақтап тұрса, бұл –жақсы түс емес. Онда өңіңізде шаңырағыңызға қауіп-қатер төнеді.

Бәлкім, қара түнде, қара шайтан жылан бейнесіне еніп, сізді қорқытып, түсіңізге кіріп жүрген сол болар. Түсіңізді иманды адамға жорытып, түс садақасына қара түсті нәрсе беріп, жөні болса, құдайы тамақ беріп, шаңырағыңыз бен босағаңызға ақтық байлап, сақтанған жөн.

Comments (0)
Add Comment