Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 296 сағат өткен соң үш адам құтқарылды. Оның ішінде бала да бар деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқару жасақтары үйінді астынан Самир Мұхаммед пен Рагда Аджар есімді ерлі-зайыптыны және олардың баласын алып шықты. Бірақ дәрігерлердің жасаған алғашқы көмегіне қарамастан, 12 жасар бала қайтыс болды.