Түркияда үйінділердің астында 135 сағат жатқан сәби аман қалды

Баланың отбасы туралы әлі ақпарат жоқ.

 

Сонымен қатар, Кахраманмараштағы құтқарушылар  ғимараттың қирандыларының астынан егде жастағы ерлі-зайыптыны алып шықты. Олар үйінділердің астында 138 сағат өткізді.
Айта кетейік, Түркияда жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны өсті. Республиканың вице-президенті Фуат Октай қайғылы оқиға 24,6 мыңнан астам адамның өмірін қиды деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Октай Түркияда жер сілкінісі салдарынан құлаған үйлерді салу ережелерін бұзды деген айыппен 100-ден астам күдікті іздестіріліп жатқанын атап өтті.

https://stan.kz/news-377528/
Comments (0)
Add Comment