https://www.facebook.com/ontustik.gov.kz
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Қала аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында өткізілген тазалық шарасына Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты.
Кезекті сенбілікке 800-ге жуық тұрғын қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника жұмылдырылды.
Негізгі тазалық шарасы бұл жолы 1-2 мөлтек ауданы аумағында ұйымдастырылып, шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, тұрғындардың қатысуымен тұрғын үйлердің жертөлесі қоқыстардан тазартылды.
Нәтижесінде 5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар қоқыстары шығарылып, аумақтар толықтай тазартылды.
Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер тарапынан қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала аумағында санитарлық талаптарды сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
и ещё 4
Все реакции:
44