Түркістан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Жантүршігерлік жол көлік оқиғасы бүгін Шардара -Абай тас жолында болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат бірлер шамасында  «МАЗ»  жүк көлігі жол бойындағы жылқыны соғып кеткен. Артынша жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лексус» маркалы көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы оқиға орнында жан тәсілім етті. Қаза тапқан жүргізушінің Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Жолаушылардың бірі Шардара ауданының тұрғыны, қалған үш адам  Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Тағы бір өзбекстандық жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

 «Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалып, жүк көлігінің жүргізушісі (Қызылорда облысының тұрғыны) қамауға алынды. Полицейлер жылқының иесін іздестіріп жатыр», делінген хабарламада.

inform.kz 

 

Comments (0)
Add Comment