Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

 видеодан алынған скрин

«Түлкібас – Арыс» учаскесінде жүк вагондарының рельстен шығуына жеке компания вагонының доңғалақ жұбының осі сынып кетуі себеп болған, деп хабарлады turkystan.kz порталы ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдан шыққан вагондарды қалпына келтіру үшін Шымкент станциясынан қалпына келтіру пойызы жіберілген.

Жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, салдарынан шпалдар мен қураған шөптер өртенген. Өрт сөндірушілер 150 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

https://turkystan.kz/article/245085-turkistan-oblysynda-zhuk-poiyzy-relsten-shygyp-ketti

Comments (0)
Add Comment