Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітірді

 gov.kz

 

Түркістан облысы Келес ауданында 3 жұп егіз оқушы бір сыныптың түлектері атанып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Яғни, 4 қыз және 2 ұл бала үлкен өмір жолына қадам баспақ.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, олар Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері. Аталған білім ұясында биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді егіздерді сынып жетекшісі Ляззат Анарқұлқызы оқуда да озақ екенін айтты.

 

Comments (0)
Add Comment