Кешелі бері өздеріңізбен спортшыларымыздың жеңісті сәттерімен бөлісіп, сүйінші хабарды жарыса жариялап жатырмыз. Түркістан төрінде өтіп жатқан ІІ Түркі Универсиадасында Дулати спортшылары чемпион атануда.
Жеңімпаз спортшымыз — Асауқат Мухамадиев Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұған дейін Азия чемпионы, ХІІ Универсиада чемпионы (Ақтау) атанған. Жеке бапкері – Айдын Сарсекеев.
Түлегімізді жеңісімен құттықтаймыз! Олимпиада чемпионы атануына тілектеспіз!