СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Бүгін еліміздегі барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлайтын күн.
Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын жас түлектер мерекесі.
Арманға асығып, үлкен мақсаттарға жол ашқан мектеп бітіруші түлектер жарқын болашаққа қадам бастайды.
Бүгін соңғы қоңырау шарасына орай, аудан әкімнің орынбасарлары, мекеме және бөлім басшылары бөлініске сәйкес, аудандағы мектептерге барып, түлектерді құттықтады. Шара барысында аудан әкімінің құттықтауын оқып, жас түлектерге алдағы жолдарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, 2024–2025 жаңа оқу жылы аудан мектептерінде 9020 оқушымен басталды. Оның ішінде 885 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Биылғы түлектер арасында – «Алтын белгі» төсбелгісіне – 39, «Үздік аттестатқа» – 26 үміткер ұсынылып отыр.
Comments (0)
Add Comment