Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде өткен жиын барысында айтылды. Басқосуға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Равиль Төлебаев, аталған департаменттің жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев және білімгерлер мен жастардың Тараз қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Исатай сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты.
— Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы мақалалар жариялануда. Мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тағылымдамалар өткізілуде. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға болады.
Бұдан кейін сөз алған аталған департаменттің жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Қасымхан Естемесұлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілгенін, өз кезегінде мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін баса айтты.
Жиын соңында білімгерлер мен жастардың Тараз қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабиден Сандыбекұлы студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында оқу ордаларында тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізілетіндігіне тоқталды. Ол өз сөзінде осы жұмыстардың негізгі идеясы — жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу екендігін айтты.
Жансая Еркебаева,
ЖД-158/4 мекемесі кадр саясаты тобының қызметкері