Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.
Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ҚАЖ департаментінің бастығы Жәнібек Қосжанов пен департамент бастығының орынбасары Ерлан Оразгелдиевтің қатысуымен «ҚАЖ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу, жемқорлық әрекеттерге бой алдырмау» тақырыбында жиын өтті. ҚАЖД-нің өзіндік қауіпсіздік қызметі және Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесе өткізілген жиынға департаментке қарасты мекемелердің жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — ҚАЖ саласына өз үлестерін қосып жүрген жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Жиынды департамент бастығы Ж.Қосжанов ашып, қызметкерлердің өздеріне жүктелген қиын да жауапкершілігі мол қызметтерін заңдылықққа сәйкес атқару қажеттігін, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауды, сонымен қатар парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгешеліктерге тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment