«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік»

Жамбыл облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік»

жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды. Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу.  Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясы, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ төрағалары кірген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңы 5 сәуір күні Жамбыл ауданы Аса ауылынан өз жұмысын бастады. Қоғамдық қабылдауға келген 30 — ға жуық азамат тұрмыстық мәселе көтерді.  Кездесу барысында қандастар (этникалық қазақтар) қандай да бір жағдайларға байланысты өз бетінше шеше алмайтын әлеуметтік мәселелерді көтерді. Мысалы, кәмелетке толмаған 3 баласы бар  ананың азаматтық алу  бойынша проблемалары анықталды. «Құжаттарды рәсімдеуде  проблемалар бар. Олардың кейбіреулері бойынша тек қана ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жеткілікті емес, түбегейлі шешу үшін алдағы уақытта қолға алп, біздің ұйым сүйемелдейтін болады», деді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиал жетекшісі Назима Жұбандықова.

Сондай  — ақ, ҚР сыбайлас жемқорыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровқа аудандағы бірнеше шаруалардан құралған кооператив мүшелері әділетсіздікке тап болғандығын айтып, құзырлы органдарға жүгіну тәртібі бойынша кеңес алды.

Айта кету керек, жоба Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» атты мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылады.

Алдағы уақытта қалған 9 аудан және Тараз қаласында жоба жалғасатын болады.

 

Comments (0)
Add Comment