«Сұлу саздың зергері»

Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы бірлесіп, қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Сұлу саздың зергері» атты музыкалық ретро ән кешін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – Кеңес Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұлттық музыка өнерінің асыл мұрасын ұрпақ жадында жаңғырту, тыңдарманға сырлы да сазды рухани кеш сыйлау.
Кеш барысында көрерменге махаббат пен сағынышқа толы, жүрек сырын шерткен таңдаулы шығармалар ұсынылып, композитордың әндері орындалды. Рухани мазмұнға толы кеш қазақ музыкасының нәзік лирикасын айқындап, Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығының құндылығын кеңінен көрсетті.

Comments (0)
Add Comment