Суға кеткен әкімді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр

Махамбет ауданы әкімі Ринат Джанглишовты іздестіру жұмыстары жалғасуда.

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына сүңгуірлердің 2 бригадасы, 2 катер және 1 моторлы қайық жұмылдырылып отыр» деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет ауданы бойынша бөлімі.  Еске сала кетелік, 31 шілде күні Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанғылышевтың  Ортақшыл ауылында Жайық өзеніне белгісіз жағдайда батып кеткендігі туралы хабарланған болатын.

atpress.kz

Comments (0)
Add Comment