Су тасқыны кезіндегі қандай санитарлық шаралардың алдын алу керек: Cанитарлық дәрігердің қаулысы

Фото: primerminister.kz 

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына зардап шеккен аудандардағы сумен жабдықтау жүйелерi мен құрылыстары бұзылған жағдайда:

  • мамандандырылған көліктермен халыққа кепілдендірілген сапалы суды шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерге жеткілікті мөлшерде жеткізуді немесе бөтелкедегі ауыз суды (тәулігіне бір адамға кемінде 3 литр есебінен) таратуды ұйымдастыру;
  • су алу орындарында сумен қамтамасыз ету объектілерін және ашық су көздерін қарауды ұйымдастыру;
  • ауылдық және қалалық елді мекендерде пайдаланатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздеріне (құдықтар, ұңғымалар) ерекше назар аудару;
  • халықты суды қайнатпай ішуге тыйым салу туралы хабардар ету. Суды тасымалдау (беру) кестесін әзірлеу және халықтың назарына жеткізу.

Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін:

дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу жөніндегі қызметтерді сатып алуға қаржы бөлуді көздеу;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерінің (каптаждар, құдықтар және т.б.), су бұру жүйелері мен құрылыстарының (қазба шұңқырларын, аула қондырғыларын қоса алғанда), аумақтар мен ғимараттардың суын зарарсыздандыруды жүргізу үшін дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының қорын құру.

Уақытша орналастыру пункттерінде (УОП):

  • эвакуацияланған халықтың тұруына, тамақтануына және тұрмыстық қамтамасыз етілуіне тиісті жағдайлар жасау;
  • Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес оқушыларды оқыту және тамақтандыру режимдерін сақтай отырып, білім беру ұйымдарында орналастырылғандарға санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Су басу аймақтарында:

Су мен топырақтың инфекциялық қауіпсіздігі дәрежесіне мониторинг жүргізуді және бағалауды қамтамасыз ету;

Ветеринариялық бақылау органдарымен бірлесіп су басу аймағына түскен мал қорымдары мен сібір жарасының топырақ ошақтарында қорғау іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету.

Су тасқыны жағдайын тұрақтандыру кезінде:

су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін тазалау және дезинфекциялау;
жиналған қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға шығара отырып, елді мекен аумақтарын (жеке шаруашылықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мен зираттарды, контейнерлік алаңдарды және басқа да объектілерді) санитарлық тазалау;
белгіленген талаптарды сақтай отырып, өлген жануарларды жинау және көму;
сібір жарасының көмінді ошақтарын зертханалық зерттеу арқылы жануарлар мен халық арасында жұқпалы аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына:

  • Емдеу-профилактикалық мекемелердің су тасқыны кезеңінде науқастарды уақтылы анықтауға, диагностикалық тексерулер жүргізуге, емдеуге жатқызуға, оларға білікті медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз ету.
  • Дәрілік және дезинфекциялық құралдардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың және шұғыл профилактика құралдарының қажетті қорын құру.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп ықтимал су басу аймақтарында эпидемиялық көрсеткіштер бойынша иммундауға жататын халықтың контингенттерін айқындау және иммундауды жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Халық арасында жұқпалы ауруға күдікті және расталған әрбір жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жедел хабарлама жіберуді қамтамасыз ету.
  • Жұқпалы ауру белгілерімен уақытша орналастыру орындарына эвакуацияланған адамдарды дереу оқшаулауды және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Жұқпалы аурулармен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылауды қамтамасыз ету.
  • Халық арасында жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу кезінде науқастарды оқшаулауды және ауруханаға жатқызуды қамтамасыз ету.
  • Бұл ретте орталықтандырылған көздерді, сумен жабдықтау жүйелерін және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер:
  • Халықты кепілдендірілген сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету;
  • Есептеулер жасап, қажетті мөлшердегі реагенттер мен дезинфекциялық құралдардың болуын, олардың күнделікті тұтынуына, суды тазарту технологиясын қатаң сақтауды қамтамасыз ету.
  • Халыққа берілетін ауыз судың қауіпсіздігіне, оның ішінде микробиологиялық және вирусологиялық көрсеткіштеріне өндірістік бақылауды күшейту.
  • Суды тазарту технологиясына, сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық ережелерінің талаптарына және ауыз су қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормаларына сәйкес ауыз суды уақтылы залалсыздандыруды жүргізуге міндетті.

Су тасқынынан зардап шеккен аумақтарда азық-түлік өнімдерін өндірумен және өткізумен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер:

Өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде санитарлық ережелердің сақталуына және санитарлық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуына өндірістік бақылауды күшейту.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары мыналарды қамтамасыз етсін:

  • Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздеріне (құдықтар, ұңғымалар) ерекше назар аудара отырып, су басу салдарынан зардап шеккен аумақтардағы су сапасына, сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жай-күйіне тұрақты негізде гигиеналық бағалау жүргізу.
  • Сумен жабдықтау объектілерінің жұмысына, суды тазарту және суды залалсыздандыру технологиясына, сондай-ақ дезинфекциялық және дератизациялық іс-шаралардың, оның ішінде су тасқынының зардаптарын жою кезінде жүргізілуіне бақылау орнату.
  • Су тасқыны, уақытша көмек көрсету, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын бақылауды күшейту.
  • Уақытша орналастыру орындарында орналасқан су тасқыны учаскелерінен эвакуацияланған тұрғындарды тамақтандыруды және тұруды ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз ету.
  • Уақытша орналастыру орындарын уақтылы тазалау, дезинфекциялау және желдету жұмыстарын бақылауды күшейту.
  • Су басу аймағында ауруға шалдыққан тұрғындардың (14 жасқа дейінгі балалар) А вирусты гепатитіне қарсы иммундауын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Су тасқыны кезеңінде халық арасында жұқпалы аурулардың, әсіресе ішек инфекцияларының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен хабардар етуді қамтамасыз етсін.
  • Эвакуацияланған халықты және төтенше жағдайларды жоюға қатысатын мамандарды ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруға тартылған уақытша орналастыру орындарында және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ауыз су мен дайын тағамнан сынама алуды жүргізу.
  • Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы су басу аймағына түскен өңірлерге барып, дезинфекциялық іс-шараларды өткізу бойынша аумақтық департаменттерге, ұйымдарға, мекемелерге және халыққа консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етуі қажет.
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасына, обаға қарсы станциялар директорларына:
  • Қоршаған орта объектілеріне кеңейтілген зерттеулер жүргізу үшін зертханалардың дайындығын, дезинфекциялау құралдарына арналған тест-жүйелердің қажетті қорын қамтамасыз ету.
  • Зертханалық зерттеулердің жедел орындалуын қамтамасыз ету.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

https://stan.kz/su-taskini-kezindegi-sanitarlik-aldin-alu-sharalari-san-398421/

Comments (0)
Add Comment