Су саласын цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндік

Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алишахбана бастаған БҰҰ делегациясымен кездестім. Кездесуде су саласын цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық.
Бүгінде министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе су тасқынын болжау және модельдеу бойынша TALSIM (Германия) және Delft-FEWS (Нидерланды) жүйелерін Қазақстанға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұдан бөлек, су шаруашылығы мамандықтарының тартымдылығын аттыру және білікті кадр дайындау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Еліміздегі 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Биыл «Болашақ» бағдарламасына су саласының мамандықтары қосылды. Қазақстандық 2 университет Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасын іске қосты. Тараз қаласында жеке Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды.
Ендігі мақсатымыз — осы оқу орындарына шетелдік үздік профессор-оқытушыларды әкелу. Біз Қазақстанға келуге ниетті немесе қашықтан оқытуға дайын мамандармен жұмыс істеуге әзірміз.
Армида Алишахбана министрліктің су ресурстарын дамыту және қорғау, сондай-ақ Арал теңізін қалпына келтіру жобаларын жоғары бағалады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Халықаралық Аралды құтқару» қорына төрағалығы аясында Орталық Азия мемлекеттерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселесін реттеуге көмек көрсетуге ниет білдірді.
Comments (0)
Add Comment