Стенд атудан әлем кубогінде отандастарымыз 3 медаль жеңіп алды

Отандастарымыз стенд атудан рейтингтік Әлем кубогында командалық есепте жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz.

«Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко/Виктор Хасянов, «skeet» жаттығуының жеке есебінде Әсем Орынбай чемпион атанды. Бұдан басқа тағы бір «күміс» медаль қазақстандықтардың еншісінде. «Skeet/mix» жұптық жаттығуында құрмет тұғырының екінші сатысына Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко көтерілді.

Cтенд атудан ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Колос жарыстың қалай өткені, оның ел үшін тарихи маңызы туралы айтып берді..

«Біздің әлем кубогымызға әлемнің 42 елінен 350-ден астам спортшы қатысты. Яғни, Александр Асанов атындағы Алматы атқыштар клубы атқыштар спортының барлық элитасын – әлемдегі ең мықты спортшылардың 80 пайызын жинады. Бұл әлем кубогы ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге және Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік беретін рейтингтік турнир болды. Біздің федерацияның шәкірттері 2 алтын және 1 күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл – үлкен жетістік», – деді ол.

https://turkystan.kz/article/225014-stend-atudan-elem-kuboginde-otandastarymyz-3-medal-zhenip-aldy/

Comments (0)
Add Comment