Жалпы жиналыста спорт кешендері, жастарды салауатты өмірге баулу сынды тақырыптар қозғалды. Алғы сөзді ауданымыздың спорт ардагері Сайфудин Абдуманапов бастап, өз ойын білдірді.
Аудандық футбол федерациясының президенті Ерболат Досымбаевта ауқымды мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын атап айтты. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары, оның ішінде ат спорты, көкпар, бәйге, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ойындар да айтылды. Сонымен қатар, қаржылық қолдау жөнінде сөз қозғалды.
Жастарымыз тек аудан төңірегіндегі жарыстар да қалып қоймай, облыстық, республикалық сайыстарды бағындырса деген жаттықтырушыларда өз озық ойларын тілге тиек етті.