«Спорт сүйген отбасы» атты облыстық отбасылық сайыс өтті

Қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстандағы отбасы күніне орай жастар арасында іс-шаралар легі басталып кетті.

Мәселен, облыс жастары арасында отбасы құндылықтарын насихаттау отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, жас отбасында отбасылық құндылықтарды, белсенді отбасылық бос уақытты қалыптастыру мақсатында 4 қыркүйекте облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жас отбасылар арасында «Спорт сүйген отбасы» атты облыстық отбасылық сайысы өтті. Конкрусқа Жамбыл облысында тұратын және 29 жасқа дейінгі, 7-10 жастағы балалары бар отбасылар қатысты. Іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен белсенді айналысу, балалар мен ата-аналардың бірлескен отбасылық демалысын насихаттауға бағытталды. Байқау 2 кезеңнен тұрды бірінші кезең  зияткерлік спорт жарысы ретінде шахмат турнирі өткізілсе, екінші кезеңде эстафеталық жарыстан сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Имашевтар әулеті, ІІ орынды Ильясовтар, ІІІ орынды Асубаевтар отбасы иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Comments (0)
Add Comment