Сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық шара өткізілді. Жопарға сай, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған сайысқа сотталған азаматтар белсене қатысты.

Шарада жазасын өтеушілер гір тасын көтеру, асық ату, арқар тарту және қол күресінен жарысқа түсті. Тартысты өткен додада сотталғандар өзара мықтыны анықтауға барын салды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған азаматтар мақтау қағаздарымен марапаттады.

Comments (0)
Add Comment