Сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағыныстыі №25 мекемесіндегі сотталғандар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарында жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау және сотталғандардың күнделікті тұрмысын жақсарту.

Жеңіс күнініе орай өткен жарысқа мекеме жасақтарынан құралған командалар қатысты. Ойын қызықты болды. Жазасын өтеуші сотталғандар жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсады.

Ойын қорытындысы бойынша І орынды 4-жасақ құрамасы иеленсе, ІІ орынға 5-жасақ командасы табан тіреді. ІІІ орынды 7-жасақ командасы иеленді. Ойыннан кейін жеңімпаздар марапатқа  ұсынылып, мекеме басшылығы тарапынан алғыс жарияланды.

Comments (0)
Add Comment