Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде Жамбыл облысы ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары сотталғандар арасында кеңес-семинар өткізді.
Шара барысында ақ халаттылар сотталған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратылды, қойылған сұрақтарға жауап берілді.